Фото: әлеуметтік желі Блогер Эльмира Төлегенова соттағы соңғы сөзінде процестік келісім жасасуды сұрап, өзіне және жұбайына бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Оның айтуынша, бұл жағдай өздері үшін үлкен өмірлік сабақ болған.«Өзіміз үшін үлкен қорытынды жасадық, бұл бізге өмірлік сабақ болды. Заң бұзғанымызға шын жүректен өкінеміз. Құрметті сот, маған және жұбайыма бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраймын», — деді Төлегенова.Осыдан кейін блогер процестік келісім жасау жөнінде өтінішхат түсірген. Судья өтінішті қабылдап, айыптау тарабына оны талқылау үшін бір сағат уақыт берген. Осыған байланысты сот отырысында үзіліс жарияланып, залдағы қатысушылар сыртқа шығарылған. Еске салайық, бұған дейін Эльмира Төлегенова сот отырысына келмей қалған болатын. Қорғау тарабы оның денсаулығы сыр бергенін мәлімдеген. Соның салдарынан отырыс әуелі екі сағатқа шегеріліп, кейін бүгінге ауыстырылған. Еске салайық, блогер Жанабыловтар ұтыс ойнату арқылы халықты алдап, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандары үшін сотты болып жатыр. Ерболат Жанабылов әйеліне арба толы гүл сыйлап, Астананың көшесінде ақ боз атпен думандатып көзге түскен еді. Күллі елді шулатқан Жанабыловтар осы оқиғадан кейін көп кешікпей ұсталып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды.
Сотта сорғалған көз жас: халықты қанаған Жанабыловтер түрмеге түскілері келмейтінін айтып, жалынды
Фото: әлеуметтік желі Блогер Эльмира Төлегенова соттағы соңғы сөзінде процестік келісім жасасуды сұрап, өзіне және жұбайына бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Оның айтуынша, бұл жағдай өздері үшін үлкен өмірлік с

Ұқсас материалдар

Оқиғалар
Павлодарда ер адам дәрігерлерге пышақпен шабуыл жасап, жедел жәрдем көлігін талқандады
Айдар Керім·

Оқиғалар
Үш құрдастың ажалы: БҚО-да мектеп түлектері суға батып, көз жұмды
Айдар Керім·

Оқиғалар
Жол апатына түскен директор Ақмоншақ Нұртазаның көз жасы көл болды
Айдар Керім·

Оқиғалар
«300-ге жуық адам зардап шеккен»: Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанованың басы дауға қалды
Айдар Керім·