Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Табысын естіп шаш ағарды»: «Самұрық-Қазына» АҚ төрағасының айлығына ел жаппай наразылық білдіріп жатыр

Facebook желісінде Бекболат Қаржан есімді қолданушы “Самұрық-Қазына” АҚ төрағасының айлығы туралы ашық пікір білдірді. Ол өз жазбасында биліктің халыққа әділетсіздік жасап отырғанын айыптап, айлық мәселесіне байланысты ашық наразылығын көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпара

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
«Табысын естіп шаш ағарды»: «Самұрық-Қазына» АҚ төрағасының айлығына ел жаппай наразылық білдіріп жатыр

Facebook желісінде Бекболат Қаржан есімді қолданушы “Самұрық-Қазына” АҚ төрағасының айлығы туралы ашық пікір білдірді. Ол өз жазбасында биліктің халыққа әділетсіздік жасап отырғанын айыптап, айлық мәселесіне байланысты ашық наразылығын көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Қолданушының жазуынша, өркениетті елдерде мұндай әрекеттер қатаң сынға ұшырап, жауапкершілікке тартылады. Ол төрағаның айлығының мөлшерін халықтың тұрмыс жағдайымен салыстырып, әлеуметтік әділетсіздікке тоқталды. Сонымен қатар, жұмысшылардың жалақыны көтеруді талап етуі заңды екенін атап өтті.

"Өркениетті елдерде бұларды қамап емес, атып тастайды. Мынау не масқара? Соншалықты әкеңнің ақысы қалды ма мынау халықта!?  Мынау неткен аярлық, неткен зұлымдық мынау!? Енді осыған халық риза болуы керек пе!?  Жұмысшылардың айлығымызды көтеріңдер деп зарлауы негізсіз бе!?  Мемлекетке мұндай қастандық жасауға бола ма!?  Енді осыдан кейін билікке халық сенуі керек пе!?  Қандай жарнама жүргізсеңдер де халық ештеңеге сенбейді. Бектенов түк те бітіріп отырған жоқ. Билікті жоғын бар етіп мақтап жазатын жағымпаз, сұрқия блоггерсымақтар мен журналистсымақтар мүмкін болғанша осындай ылық пен былықты жасырып, жауып кететін пиғылмен пост жазып келеді.  Ең жиіркенішті адамдар сендерсіңдер, жем жегіш блоггерсымақтар. Арттарыңды қанша жыртсаңдар да көрінетін нәрсе көрініп тұр. Ештеңені де енді өткізе алмайсыңдар", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары жазбаға белсенді түрде пікір қалдырып, өз реніштерін білдірді. Бірі: «Соры қайнаған ел болдық, кешіріммен қараған болмайды», деп жазса, енді бірі: «735 мың теңгені бір күнде тапқан екен, мейрам демалысы да демей…» деген пікір білдірді. Тағы бір қолданушы: «Қарапайым халықты жемқор шенеуніктер ашық тонауда, ал кейін мемлекетке кінә артады», деп ашынғанын жеткізді.

Көпшілік пікірлерде қазіргі капиталистік қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздікке, импляция мен жекеменшік мекемелердегі табыс айырмашылықтарына назар аударылған.

Бұл жағдай қоғамда төрағалардың жоғары табысы мен қарапайым жұмысшылардың жағдайы арасындағы алшақтыққа қатысты қоғамдық пікірталасты қыздырып отыр.

Ұқсас материалдар

«Табысын естіп шаш ағарды»: «Самұрық-Қазына» АҚ төрағасының айлығына ел жаппай наразылық білдіріп жатыр · Todayinfo