“Катер бортында сегіз Қазақстан азаматы болған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Үш қазақстандық азамат ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуі ауруханадан шығарылды. Екі азамат ем қабылдап жатыр, жағдайлары тұрақты, оңалып келеді. Барлық медициналық шығынды сақтандыру компаниясы өтеп жатыр. Елшілік азаматтармен тұрақты байланыста болып, қажетті көмек көрсетіп жатыр”, – делінген министрлік хабарламасында.
Таиландта катер апатынан 8 қазақстандық зардап шеккен
Сыртқы істер министрлігі Таиландта катер апатынан зардап шеккен қазақстандық туристердің жағдайын баяндады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Таиландта катер апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматы 13 қаңтар күні ауруханадан шығарылды. Тағы екі қазақстандық азамат е

Сыртқы істер министрлігі Таиландта катер апатынан зардап шеккен қазақстандық туристердің жағдайын баяндады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Таиландта катер апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматы 13 қаңтар күні ауруханадан шығарылды. Тағы екі қазақстандық азамат ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.
Қайғылы оқиға Пхукет аралының маңында болған. Серуенге арналған катер балық аулау кемесімен соқтығысқан. Катер бортында үш экипаж мүшесі мен 52 турист, оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей азаматтары болған. Төтенше қызмет өкілдері 23 туристі ауруханаға жеткізген. 18 жастағы Ресей азаматы ауруханада көз жұмды.
Қазір Таиланд билігі тергеу жұмыстарын бастады. Айта кетейік, бұл туристік компанияға тиесілі катерлер бұған дейін де бірнеше рет апатқа ұшыраған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мангистауские мечети могут стать новым объектом Всемирного наследия ЮНЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматы – главное гастрономическое направление 2026 года
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты
Жаннұр Еділбаева·