Таза Қазақстан: Батыс Қазақстан облысында 228 мың көшет отырғызылады
Бүгін бүкіл ел бойынша «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жаппай ағаш отырғызу бойынша экологиялық науқан басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті. Батыс Қазақстан облысы да аталған акцияға қосылд
Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу

Бүгін бүкіл ел бойынша «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жаппай ағаш отырғызу бойынша экологиялық науқан басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті.
Батыс Қазақстан облысы да аталған акцияға қосылды. Жоспар бойынша, өңірде биыл 228 мың ағаш отырғызу көзделуде, оның ішінде шамамен 5 мыңға жуығы облыс орталығы — Орал қаласында егілмек.
Бүгін экологиялық акция аясында Тұңғыш Президент алаңында 55 ағаш отырғызылды.
Іс-шараға қатысқан БҚО әкімі Нариман Төреғалиев экологиялық акцияның тек көгалдандыру мен аумақты абаттандыру ғана емес, табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға қосатын үлесін атап өтті.
«Бұл тек абаттандыру шарасы емес, сонымен қатар халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, туған жерге жанашырлық танытуға бағытталған маңызды қадам. Біз бұл істі бірігіп, жүйелі түрде облыстың барлық аудан-қалаларында абаттандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Әрбір мекеме, ұйым және елді мекендер бұл акцияға белсенді қатысатынына сенімдімін», — деді облыс әкімі.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп келеді және акция еліміздің жасыл қорын қалпына келтіру мен көбейтуге, экологиялық жағдайды жақсартуға, қоқыстан тазартуға және қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Ұқсас материалдар

Батыс Қазақстан
Кеңтүбек ауылында бұқаралық спортты қолдау бағытында нақты қадамдар жасалды
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
Проведен совместный профилактический рейд
Мейіржан Әуелханұлы·

Батыс Қазақстан
В ЗКО собрали 760 тонн мусора с 423 локаций а один день в рамках акции «Таза Қазақстан»
Мейіржан Әуелханұлы·

Батыс Қазақстан
Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы
Мейіржан Әуелханұлы·