Иран АҚШ ұсынған бейбітшілік келісімінен бас тартып, соғысты өз шарттарымен ғана аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Press TV телеарнасы үкіметтегі жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап, ресми Тегеранның бұл ұстанымын жариялады. Дереккөздің сөзінше, Вашингтонның соңғы ұсынысы «шиеленісті одан әрі ушықтыру әрекеті» ретінде қабылданған.
"Тегеран соғыстың қашан аяқталатынын АҚШ президенті Дональд Трампқа шешкізбейді", - деп атап өтті дереккөз.
Иран өз кезегінде бейбітшілік орнату үшін бірнеше нақты шарт ұсынды. Олардың қатарында қарсы тараптың агрессиясын толығымен доғару, соғыстың қайталанбауына кепілдік беретін тетіктерді енгізу және келтірілген залал үшін репарация төлеу талаптары бар. Сондай-ақ Тегеран аймақтағы барлық тараптар үшін әскери әрекеттерді тоқтатып, Ормуз бұғазындағы өз егемендігін мойындатуды көздейді.
Әзірге бұл ақпаратқа қатысты Иран мен АҚШ-тың ресми өкілдері ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Фото: Әлеуметтік желіден




