Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафосаға жеделхат жолдап, оны және оның отандастарын ұлттық мереке – Демократия күнімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент ОАР Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді және маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Ол дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін одан әрі дамитынына сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Сирил Рамафосаға жауапты қызметінде табыс, ал Оңтүстік Африка халқына амандық пен гүлдену тіледі.




