Todayinfo.kz
Жаңалықтар

Трамп халыққа үндеу жасады: "Ирандағы соғысты екі-үш аптада аяқтаймыз"

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы соғыстың екі-үш аптада аяқталатынын мәлімдеді. Оның үндеуінен кейін мұнай бағасы көтерілді.

Авторы Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин оқу
Трамп халыққа үндеу жасады: "Ирандағы соғысты екі-үш аптада аяқтаймыз"

АҚШ президенті Дональд Трамп халыққа үндеу жасап, Ирандағы соғыс "жақын арада" аяқталатынын мәлімдеді. Оның сөзінен кейін әлемдік мұнай бағасы бірден көтерілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Трамптың айтуынша, Америка Құрама Штаттары Ирандағы "негізгі стратегиялық мақсаттарға" жетуге таяп қалған. Ол соғыстың аяқталуына екі-үш аптадай ғана уақыт қалуы мүмкін екенін меңзеді.

"Біз істі соңына дейін жеткіземіз және оны өте жылдам жасаймыз. Қазірдің өзінде мақсатқа өте жақынбыз", - деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар, Дональд Трамп Ормуз бұғазын ашу жауапкершілігін НАТО-дағы одақтастарға жүктеді. Оның пікірінше, соғыс аяқталғаннан кейін бұғаз "өзінен-өзі" ашылады, себебі мұнай — Иранның экономикасын қалпына келтірудегі жалғыз ресурсы. Ол осы бағыт арқылы мұнай тасымалдайтын елдерді "оны өздері бақылап, қорғап, өз мүддесіне пайдалануға" тағы да шақырды.

"Ең қиын кезең артта қалды, енді бәрі жеңілірек болуы керек", - деп сөзін түйіндеді Трамп.

BBC агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президентінің 20 минуттан сәл асатын үндеуі кезінде Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 100 доллардан 105 долларға дейін өскен.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар