Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Түркістан облысында мектеп директорын бопсалаған 2 блогер ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Сайрам аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады. Олар меткеп директорын бопсалаған. "Күдікт

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Түркістан облысында мектеп директорын бопсалаған 2 блогер ұсталды
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Сайрам аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады. Олар меткеп директорын бопсалаған.
"Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпасы үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі бұрын сотталған", -деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
 

Ұқсас материалдар

Түркістан облысында мектеп директорын бопсалаған 2 блогер ұсталды · Todayinfo