Балаларды желіге тәуелді қылған YouTube пен Meta сотта жеңілді: енді миллиардтаған айыппұл төлеуі мүмкін
Meta және YouTube сотта айыпты деп танылды. Компаниялар балалар денсаулығына зиян келтіретін алгоритмдері үшін миллиондаған доллар төлеуі мүмкін.

Meta және YouTube компаниялары балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге тәуелділігін арттыратын алгоритмдері мен басқа да тетіктері үшін сотта айыпты деп танылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Алқабилер соты бұл компаниялар «қасақана әрекет еткен немесе өрескел заң бұзушылыққа жол берген» деген қорытындыға келді. Осы шешімнің нәтижесінде сот талапкерге 3 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді.
Бұл іс – Американың сот жүйесіндегі стандартты тәжірибе бойынша мыңдаған ұқсас шағымның арасынан прецедент (үлгі болатын шешім) қалыптастыру үшін кездейсоқ таңдалған.
Бұл шешім енді IT-гиганттарға қарсы жаппай сот істерінің басталуына жол ашуы мүмкін. Ендігі кез келген шағым компанияларға миллиондаған доллар шығын әкелуі ықтимал. Сонымен қатар, реттеуші органдар осы сот шешіміне сүйеніп, компанияларға қомақты айыппұл салуы әбден мүмкін.
Фото: Әлеуметтік желіден
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
"ҚазТАГ" журналистиканың негізгі ережесін орындамады - «Фридом Финанс» қорғаушысы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Адвокат «Фридом Финанс»: "КазТАГ" демонстрирует пренебрежение к требованиям компании
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Өткір қырлы пластик жұтып қойған: Алматы дәрігерлері он айлық сәбиді өлім аузынан алып қалды
Жаннұр Еділбаева·