Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Зеленский соғысты аяқтау мәселесін талқылау үшін Трамппен Вашингтонда кездесетінін мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трамппен ұзақ әрі мазмұнды әңгімелескенін айтты. Әңгіме бір жарым сағаттан астам уақытқа созылып, соның шамамен бір сағаты жеке форматта, кейін еуропалық көшбасшылардың қатысуымен өткен. Зеленскийдің сөзінше, Украина бейбі

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Зеленский соғысты аяқтау мәселесін талқылау үшін Трамппен Вашингтонда кездесетінін мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трамппен ұзақ әрі мазмұнды әңгімелескенін айтты. Әңгіме бір жарым сағаттан астам уақытқа созылып, соның шамамен бір сағаты жеке форматта, кейін еуропалық көшбасшылардың қатысуымен өткен.

Зеленскийдің сөзінше, Украина бейбітшілік үшін барынша тиімді жұмыс істеуге дайын. Ал Трамп оған Владимир Путинмен өткен кездесуінің нәтижелері туралы баяндаған.

«Маңыздысы – Америка қуатының жағдайдың дамуына әсер етуі», – деді Зеленский.

Украина басшысы Трамптың Украина – АҚШ – Ресей форматындағы үшжақты кездесуге қатысты ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, негізгі мәселелерді мемлекет басшылары деңгейінде талқылау тиімді.

Зеленский Трамппен 18 тамыз күні Вашингтонда соғысты аяқтауға қатысты барлық маңызды детальдарды талқылайтынын жеткізді.

«Соғысты тоқтату мен қантөгісті аяқтау мәселелерін Трамппен Вашингтонда егжей-тегжейлі қарастырмақпын. Шақыру үшін алғыс білдіремін», – деді ол.

Сондай-ақ, Зеленский келіссөздерге Еуропа елдерінің қатысуының маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл қадам Украина қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АҚШ-пен бірлескен сенімді кепіл болады.

Айта кетейік, бұған дейін Аляскада өткен Путин мен Трамптың тарихи саммитін Қазақстан оң бағалаған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел президенттерінің кездесуін «тарихи қадам» деп атады.

Саммит қарсаңында Владимир Путин Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескен еді. Ал екі күннен кейін Қазақстан президенті украиндық әріптесі Владимир Зеленскиймен де сөйлесті.

Ұқсас материалдар

Зеленский соғысты аяқтау мәселесін талқылау үшін Трамппен Вашингтонда кездесетінін мәлімдеді · Todayinfo