«Жала мен бос қиял»: Мәжіліс депутаты отбасына жабылған жаланың қасақана ұйымдастырылғанын айтты
«Самұрық-Қазына» қоры таратылсын, қор байлардың май шелпегіне айналған, ұлт байлығын тонауға арналған деген өткір сынынан кейін Әділ Жұбанов өзіне, отбасына ақпараттық шабуылдың көбейіп кеткенін мәлімдеді. Айтуынша, ол бизнеспен депутат болып сайланғанға дейін айналысқан. Todayin

«Самұрық-Қазына» қоры таратылсын, қор байлардың май шелпегіне айналған, ұлт байлығын тонауға арналған деген өткір сынынан кейін Әділ Жұбанов өзіне, отбасына ақпараттық шабуылдың көбейіп кеткенін мәлімдеді. Айтуынша, ол бизнеспен депутат болып сайланғанға дейін айналысқан. Todayinfo ақпараттық порталы депутат Әділ Жұбановтың жазбасын қаз қалпында аударып берді.
Құрметті сайлаушылар, достар және әріптестер!
Соңғы күндері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары менің қызметім туралы бұрмаланған, манипулятивті әрі тапсырыспен жасалған материалдар таратып жатыр. Кейбір басылымдар өздерінің қаламын қысым жасау құралына айналдырып жіберді. Сол себепті мен қазіргі жағдайды ашық айтып, түсіндіруді қажет деп санаймын.
1997 жылдан бастап Мәжіліс депутаты болып сайланғанға дейін кәсіпкерлікпен айналыстым. «БатысАльянсСтрой» ЖШС-нің құрылтайшысымын. Бірақ Мәжіліс депутаты болып сайланғаннан кейін заң талабына сай, бизнесті сенімгерлік басқаруға тапсырдым. Қазіргі таңда оның күнделікті қызметіне еш қатысым жоқ. Бұл – «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда тікелей көрсетілген.
Компания 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді, беделі жоғары, адал емес жеткізушілер тізімінде жоқ, сот істеріне тартылмаған, салықтарын уақытылы әрі ашық төлеп отыр.
16 жыл ішінде компания 43 нысанды іске асырды. Кейбір журналистер айтып жүргендей 140 емес. Жылына орта есеппен 2–3 жобамен айналысады және тек сапалы әрі мерзімінде орындай алатын жобаларды алады.
Компания құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысады, жекеменшік тапсырыстарды орындайды және мемлекеттік сатып алуларға қатысады. Бірақ «Комфортты мектептер» бағдарламасына, «Самұрық-Қазына» қорына немесе оның мердігерлеріне, басқа да квазимемлекеттік ұйымдарға еш қатысы жоқ.
Атырау облысы әкімінің қазіргі орынбасары Нұртаев Қайрат туралы: ол – құрметті маман, кәсіби кадр. Өз жұмысын біздің компанияда жұмыссыз кезде бастаған, кейін әкімдікке бос лауазымға конкурс арқылы өзі құжат тапсырған. Барлығы заң аясында өтті.
Менің жұбайым Тлегенова Назгүл – жеке кәсіпкер. Қызметі заңды түрде тіркелген, ресми жұмыс істейді, төрт баланың анасы. Қалғаны – қиял мен жала.
Сондай-ақ бір репортажда біздің компания салды деп көрсетілген сапасыз нысан бар – бұл да жалған. Бұл объекті «БатысАльянсСтрой» ЖШС-не тиесілі емес екені видеодан анық көрінеді. Атырау қаласындағы Жастар саябағы 5 жылдан бері тұрғындар мен қонақтардың сүйікті орнына айналған. «Видео арқылы басқа біреудің жұмысын бізге теліп, керекті образ қалыптастыруға тырысқан».
Депутат ретінде жұмысымды адал, жауапкершілікпен атқарып келемін. Қаржы және бюджет комитетінің мүшесімін. Осы уақыт ішінде ондаған депутаттық сауалдар мен заң жобаларына өзгерістер енгізу бастамаларын көтердім, сайлаушылар мәселесін шешуге бағыттадым.
Маңызды заң жобалары бойынша өз көзқарасымды білдіріп келемін. Жүйелік проблемалар туралы батыл айтып жүрмін, үкіметтің ұстанымымен келіспейтін тұстарым да болды.
Жаңа Салық кодексіне қарсылығымды білдірдім және осы пікірімде қала беремін. «Самұрық-Қазына» қоры жайлы айтсам, бұл қор үлкен әлеуеті бола тұра, ашық емес деп есептеймін. Қаржыны үнемдеуге және елге көбірек пайда әкелуге мүмкіндігі мол. Бұл – менің жеке пікірім. Егер осы пікірім шабуылға себеп болды десе – бәлкім, жауабы осы болар.
P.S.
Меніңше, Қазақстанға тек жаңа заңдар емес, сонымен қатар жаңа қағидаттар қажет – адалдық, ашықтық, әділеттілік және, мүмкін, жаңа тұлғалар. Алайда, өкінішке қарай, «Ескі Қазақстанның» құралдары – қаралау, анонимді шабуылдар мен ақпараттық тапсырыстар әлі де бар. Бір депутат немесе басқа саналы адам өткір мәселе көтерсе, оған дәлелмен жауап берудің орнына, өтірікпен тұншықтыруға тырысады.
Мен Мәжіліс депутаты болуға өз кандидатурамды ұсынуымның себебі – елдегі саяси өзгерістер, Мемлекет басшысы ұсынған «Жаңа Қазақстан» бағыты, жеті жылдық бір президенттік мерзім, Мәжілістегі мажоритарлық жүйе үлесінің 30%-ға өсуі, әкімдердің сайлануы және биліктің халық алдындағы жаңа жауапкершілік қағидаттары. Сонымен қатар, мені бұл шешімге «Қаңтар оқиғасы» да итермеледі. Себебі мен – белгілі бір білім мен тәжірибесі бар азамат ретінде ел дамуына үлес қосқым келді.
Мен қарапайым, ұстаздар отбасында өстім. Бізді өтірік айтуға, ұрлық жасауға, ар-намысты аяққа таптауға үйреткен жоқ. Мен адал еңбек, абырой мен қадір-қасиет жоғары бағаланатын Қазақстанда өмір сүргім келеді. Жала, сатқындық пен екіжүзділік емес – шындық, әділдік үстемдік ететін елде.
Өкінішке қарай, қазіргі заманда да ойдан шығарылған жала мен фейктер арқылы адал адамдарды күйретіп, жұмыстан, денсаулығынан, өмірінен айыру жағдайлары көп. Жуырда ғана бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты «құрықтады» деп жалған ақпарат таратылды – мұндай жағдай кез келген адаммен болуы мүмкін.
Көпшілік осындай жаңалықтарды көріп, адамның өзін де, мән-жайды да білместен, пікір айтып жатады. Өзгенің ар-намысына тіл тигізіп, атына кір келтіретін мұндай шабуылдарды жасағандарды түсінбеймін.
Менің сенімім – қазақстандықтар, менің сайлаушыларым, шындықты жаладан, фактіні өсек-аяңнан ажырата алады. Елімізді бірге қорғайық. Ал тәртіп – шындықтан басталады.
Құрметпен,
Әділ Жұбанов
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·