Жамбылдағы жантүршігерлік жағдай: Алматы облысында мектеп оқушыларының әлімжеттігі өліммен аяқталды
Фото: pixabay Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында оқушы қаза тапты. Қайғылы оқиға үш күн бұрын болған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алдын ала мәліметке сәйкес, екі оқушы бір баланы соққыға жыққан, салдарынан жасөспірім көз жұмған. О

Фото: pixabay
Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында оқушы қаза тапты. Қайғылы оқиға үш күн бұрын болған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәліметке сәйкес, екі оқушы бір баланы соққыға жыққан, салдарынан жасөспірім көз жұмған. Оқиғаның ақшалай келіспеушілік салдарынан туындауы мүмкін екені айтылады.
Тараған ақпаратқа сүйенсек, жанжалдан кейін күдіктілер баланы көлікке отырғызып, біраз уақыт алып жүрген. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Оқиға орнында марқұмның ағасы да болғаны туралы ақпарат тарады.
Қазіргі таңда аталған дерекке байланысты құзырлы органдар тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Полиция қызметкерлері 2026 жылғы 8 қаңтарда орын алған, абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға барысында күдікті тарапынан соққы жасалған. Аталған деректер алдын ала сипатқа ие және сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында, оның ішінде оқиғаға қатысушылар мен куәгерлердің көрсетулері, сондай-ақ сараптама қорытындылары ескеріле отырып тексерілуде. Оқиғаның барлық куәгерлері анықталып, олардан жауап алынуда. Оқиғаның ақшаға байланысты болғаны жөніндегі ақпарат тексеріліп, қазіргі уақытта расталған жоқ.
Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын толық, жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық іс Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·