Жаңаөзендегі қанды қылмыс: Ер адам ауруханада жас дәрігерді пышақтап өлтірді
Фото: ЖИ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында медициналық мекемеде орын алған қайғылы оқиға салдарынан 29 жастағы дәрігер қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қайғылы жағдай 28 қаңтар күні шамамен сағат 14:00-де болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, емдеу ме

Фото: ЖИ
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында медициналық мекемеде орын алған қайғылы оқиға салдарынан 29 жастағы дәрігер қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы жағдай 28 қаңтар күні шамамен сағат 14:00-де болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, емдеу мекемесінің дәлізінде терапевт дәрігерге ер адам шабуыл жасап, пышақ жарақатын салған. Ауыр жарақат алған жас маман оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Тергеу деректеріне сүйенсек, жанжал отбасылық-тұрмыстық сипатта туындаған. Оқиғадан кейін күдікті өз еркімен қалалық полиция басқармасына келіп, кінәсін мойындаған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мангистауские мечети могут стать новым объектом Всемирного наследия ЮНЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматы – главное гастрономическое направление 2026 года
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты
Жаннұр Еділбаева·