Жекеменшік емхананың директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 80 миллион теңгеге жуық қаражат ұрлаған
Жақында өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаражат жымқырылғаны анықталды. Қомақты қаржын жекеменшік медициналық мекемелер арқылы жымқырылған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. “Kozachkov offside” Telegram арнасының мәлімет

Жақында өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаражат жымқырылғаны анықталды. Қомақты қаржын жекеменшік медициналық мекемелер арқылы жымқырылған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
“Kozachkov offside” Telegram арнасының мәліметінше6 2023 жылы Дархан Нұрлыбеков өзіне тиесілі медициналық мекемеге заңсыз шамамен 16 мыңға жуық науқасты тіркеген. Оның бұл ісіне Денсаулық сақтау министрлігінің “Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының” елордалық филиалында маман болып жұмыс істеген Еркебұлан Абдрахманов көмектескен. Олар Астана қаласының ештеңеден бейхабар тұрғындарына, сондай-ақ елордадан және елден көшіп кеткен адамдарға өздері құжат рәсімдеген.
Кейін бұл адамдар дәрігерлердің қабылдауына жазылған, бірақ әрине, олар қабылдауларға бармаған. Ал құжат жүзінде дәрігердің әр қабылдауы ӘМСҚ қаражаты есебінен төленген. Қабылдауға жазылып, бармағандардың арасында жетім балалар да болған.
Нәтижесінде емхана шамамен 30 мың көрсетілмеген қызмет үшін ақы алып келген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан аударылған қаражаттың жалпы сомасы 79 миллион теңгеден асып түскен.
Мемлекеттік органдардың тексерісінен кейін бұл заңсыз әрекеттер әшкереленіп, соған байланысты ӘМСҚ Нұрлыбековтен артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін азаматтық тәртіппен сотқа жүгінді. Сондай-ақ бұл туралы құқық қорғау органдарына хабар берді.
Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, іс тек Нұрлыбековке емес, оның сыбайласы Абдрахмановқа қатысты да тергелді. Тергеу барысында Абдрахмановтың да бұл схемадан өз үлесін алып отырғаны анықталды.
Сот екеуін де алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, Дархан Нұрлыбековті 5 жылға бас бостандығынан айырып, ал Еркебұлан Абдрахмановты 2 жыл 4 айға соттады. Екеуі де жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда өтейді.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·