“Сонымен қатар есту, көру, сөйлеу қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар, психикалық дамуы кешеуілдеген, мінез-құлқында, қарым-қатынасы мен әлеуметтік өзара әрекеттесуінде, сондай-ақ зияткерлік дамуында кемістігі бар балалар үшін нысан аумағында қосымша ғимарат салу қажет. Өйткені ғимараттың қазіргі жағдайы балаларға қажет арнайы және қолайлы жағдайларды жасауға жарамайды. Алайда Оқу-ағарту министрлігінің бюджетінде күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, сондай-ақ қосымша ғимарат салуға қаржы қарастырылмаған”, – делінген хабарламада.Қазір Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік мүлікті басқару құзырлы органы үйді басқа мемлекеттік заңды тұлғаларға беру мәселесін қарастырып жатыр.
Жөндеуге ақша жоқ: Кәрім Мәсімовтың жекежайы босап тұр
Қазақстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің Астанадағы жекежайы балаларға арналған инклюзивті орталық ретінде пайдалануға жарамсыз болып шықты. Ғимарат басқа мемлекеттік заңды тұлғаның қарамағына беруі мүмкін, деп хабарлайды T

Қазақстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің Астанадағы жекежайы балаларға арналған инклюзивті орталық ретінде пайдалануға жарамсыз болып шықты. Ғимарат басқа мемлекеттік заңды тұлғаның қарамағына беруі мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылдың қыркүйегінде нысан Оқу-ағарту министрлігінің пайдалануына берілді. Жекежай “Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығы” Республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағында деп бекітілді.
Алайда министрліктің мәліметінше, ғимарат ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін ұйымдарға қойылатын санитарлық талаптарға сай келмейді. Онда күрделі жөндеу мен қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықтау қажет. Бірақ бұл мақсаттарға ведомство тарапынан қаржы қарастырылмаған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматы – главное гастрономическое направление 2026 года
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Лесные пожары охватили Францию и Испанию: огонь уничтожает дома и вынуждает людей покидать свои жилища
Жаннұр Еділбаева·