Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Жылына миллион теңге де алмаймын»: «Дос-Мұқасан» тобының әншісі күйінді

Әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының әншісі Мұрат Құсайынов эстрадада 50 жылдан астам өнер көрсетіп келе жатқанын айтып, авторлық құқық мәселесіне қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды Todayinfo . Әншінің айтуынша, қазақстандық авторлық қауымдастықтар өнер иелерінің рұқсатынсыз ол

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Жылына миллион теңге де алмаймын»: «Дос-Мұқасан» тобының әншісі күйінді
Әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының әншісі Мұрат Құсайынов эстрадада 50 жылдан астам өнер көрсетіп келе жатқанын айтып, авторлық құқық мәселесіне қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды Todayinfo. Әншінің айтуынша, қазақстандық авторлық қауымдастықтар өнер иелерінің рұқсатынсыз олардың туындыларын пайдаланып, түсетін қаражатты өздері реттейді.
«Бұл – ойлағаннан да өткір мәселе. Өнерде жүріп өмірден өткендердің жесірі мен жетімдерімен сөйлестік. Біз тіріміз, ал кеткендердің әйел, бала-шағасы бар ғой», – деді ол.
Мұрат Құсайынов мұндай жағдайды жемқорлықтың кесірі деп санайды.
«Егер мен Америкада тұрсам, доллармен мультимиллионер болар едім. Қазір авторлық құқықтан жылына миллион теңге де алмаймын. Елдегі қаржы айналымы толық цифрлануы керек. Автор, сазгер, ақындардың еңбегі лайықты бағалануға тиіс», – деп ашынды әнші.
Фото: скрин/Youtube

Ұқсас материалдар

«Жылына миллион теңге де алмаймын»: «Дос-Мұқасан» тобының әншісі күйінді · Todayinfo