Тұңғышбай Әл-Тарази: "Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап, Сағиыңды сағынып..."
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қазасы туралы жантебірентерлік жазба арнады. "Асқар тауымыз едің - аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңн

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қазасы туралы жантебірентерлік жазба арнады.
"Асқар тауымыз едің - аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңнан жалғыз едің - соңдарынан кеттің... Қатарымнан жалғызбын - арттарында қалдым.... Ағалық жасап арқамнан қақпадың - әлжуаздықтан сақтадың...Көкем болып, көңілімді өсірмедің - кішілігім кем боп жақпадым... Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің - өз күшіме сендірдің... Сүйеніш болмадың - жансірілікке үйреттің... Тірегім болмадың - табаным таймастай тағаладың... Белімді бумадың - бекемдікке баулыдың... Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың... Соңыңда қалдырмадың - ізіңде жүргенімді сездің... Қатарымды тептің... Тізеңді батырдың - Мен кештім... Биіктігіңе парапар, Пенделігіңді көрдім - Өзің де кеш... Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым... Сарыуайым - Сағынышқа айналдың... Қош... Бақыл бол..."
Ұқсас материалдар

Шоу бизнес
«Жаттап алса қайтеді»: Тұрсынбек Қабатов бата беремін деп, елден оңбай сөз естіді
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Қалаулым» деген бағдарламамен шатастырып алды ма»: Танымал заңгер Аша Матайды дебатқа шақырды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Көл түбіне баттым»: Меруерт Түсіпбаева бір өлімнен аман қалғанын айтты (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Шоу бизнес
«Күйеуім жүргіш»: тоқал алған блогердің бәйбішесі мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Айдар Керім·