Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Заң мен тәртіп: сот зейнеттегі әскери адамның баспанасын жекешелендіруге рұқсат берді  

25 Шілде, 2025 Ақпарат комитеті
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұрынғы әскери қызметші аудандық пайдалану бөліміне қарсы сотқа талап арызбен жүгініп, тұрғын үй комиссиясының хаттамасын заңсыз деп тануды және өзі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіруге рұқсат беруді талап етті. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот анықтағандай, талапкер 1994 жылдан 2006 жылға дейін әскери қызмет атқарған. 1999 жылы әскери бөліммен бірге Астана қаласына қоныс аударған. 2004 жылы оған қызметтік пәтер беріліп, 2006 жылы пәтерді жалға алу туралы келісімшарт жасалған. Сол жылдың 4 қазанында талапкер денсаулығына байланысты қызметтен босатылған. Оның жалпы еңбек өтілі күнтізбелік есеппен 26 жыл 3 айды құрайды.

2023 жылы азамат өзі тұрып жатқан пәтерді қалдық құны бойынша жекешелендіруге өтініш берген. Алайда жауапкер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 9-бабы 13-тармағына сілтеме жасап, бұл құқық тек бір рет берілетінін алға тартып, бас тартқан. Сонымен қатар, талапкер 2001 жылы Алматы қаласында бір пәтерді жекешелендіргені анықталған.

Сот іс материалдарын, жекешелендірілген баспана алаңы туралы деректерді және әскери қызметшілердің тұрғын үйге қатысты құқықтарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді зерделей келе, талапкердің өзі тұрып жатқан пәтерді қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқығы бар деген қорытындыға келді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бұл президенттің Жолдауындағы «заң мен тәртіп» қағидатының орындалуының айқын бейнесі болып отыр. Маусым аййында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында осы екі ұғымды шегелеп нақтылаған еді.

 «Заң – қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Заң – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Біз осы ақиқатты терең түсінетін азаматтық және мәдени орта қалыптастыруымыз қажет. Тәртіп – жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну – әркімнің өмір салтына айналуға тиіс. Мемлекеттік аппарат пен бүкіл қоғам жұмылып жұмыс істесе, еліміз көздеген мақсатына жетеді. Озық ойлы ұлт болу үшін әдептілік, өзара құрмет, ұстамдылық, сыпайылық сияқты қасиеттерді барынша дәріптеген жөн. Азаматтарымыз әдеп пен заңды мәжбүрлікпен емес, саналы түрде сақтауы керек», — Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол атағандай, заң және тәртіп» қағидаты жауапкершілікті сезіну мәдениетімен тығыз байланысты.

«Елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны жүріп жатқанын білесіздер. Бұл маңызды бастама халықтың кең қолдауына ие болды. «Таза Қазақстан» – озық ойлы қоғам құруға арналған идеологиялық тұғырнаманың ажырамас бөлігі. Бұл – тек қоршаған ортаның тазалығын емес, ой мен сана тазалығын сақтау деген сөз. Себебі қоғамдық әдеп пен заңға деген құрмет айналадағы тазалықтан басталады. Жалпы, халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге жан-жақты қараған жөн. Бүгін мен «Заң және тәртіп» апталығын жариялауды ұйғардым. Осы апта қоғамда заң мен тәртіпті насихаттау аптасы болмақ. Алдағы жеті күн құқықтық мәдениетті нығайтуға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының абырой-беделін арттыруға арналуы керек. Алайда, бұл бір реттік акция емес. «Заң және тәртіп» апталығына азаматтардың құқықтық сана-сезімін көтеретін маңызды, жүйелі шара ретінде қараған жөн, — деді президент.

 

Оқылып жатыр

Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады

Астанада есірткі таратқан қыз 10 жылға сотталды 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

Ақпарат комитетіне жаңа төраға тағайындалды

«Әкемнің туған жеріне әулетіміздің атынан орнатам»: 21 жастағы жігіт Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш жасатпақ

Соңғы жазбалар

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.