Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеу аясында қосымша дәлелдемелер жиналуда, және тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.
«2025 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі, 1) және 2) тармақтары бойынша көзделген азаптау қылмысын жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.М. Татубаевтың ұсталғанын хабарлады», — делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етілуге жатпайды. Сондықтан тергеу барысына қатысты қосымша ақпарат әзірге берілмейді.