Todayinfo.kz
NewsView all articles

«11 мың емес, 600 жұмыс орын»: Америка аса қымбат жобасымен Қазақстанды қарызға батырмақ

Фото: Қазақстан теміржолшысы ҚТЖ Ұлттық компаниясының бұрынғы менеджері, саланы жетік білетін маман Ерлан Атамқұлов АҚШ пен арадағы «300 тепловоз» келісіміне қатысты бірқатар күмәнді деректерді жария етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның айтуынша, АҚШ тарапы к

By Айғаным Нариманова··1 min read
«11 мың емес,  600 жұмыс орын»: Америка аса қымбат жобасымен Қазақстанды қарызға батырмақ

Фото: Қазақстан теміржолшысы

ҚТЖ Ұлттық компаниясының бұрынғы менеджері, саланы жетік білетін маман Ерлан Атамқұлов АҚШ пен арадағы «300 тепловоз» келісіміне қатысты бірқатар күмәнді деректерді жария етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, АҚШ тарапы контракт аясында 11 мың жұмыс орны ашылады деп уәде еткен. Бірақ Эксимбанк есебі бойынша шын мәнінде бұл көрсеткіш 500–600 орыннан аспайды.

«Әр тепловоздың құны 14 млн доллар. Бұл тым қымбат. Ал біз 2005 жылы-ақ 16,5 млн долларға АҚШ-тың «Эволюшн» технологиясын сатып алып, осы лицензия негізінде өзіміздің «Локомотив құрастыру зауытын» ашқанбыз. Сол зауыт кадрларды да дайындап үлгерген. Бірақ кейін зауыт ҚТЖ құрамынан шығарылып, Ресейдің «Трансмашхолдинг» компаниясына сатылып кетті. Енді бұл зауытты қайтарып алу керек», – дейді Атамқұлов.

Маманның сөзінше, ҚТЖ-ның қазіргі қарызы 6 млрд доллардан асады. Ал жаңа 4,2 млрд долларлық контракт қосылса, бұл ауыртпалық халықтың мойнына түсіп, жүк тасымалы мен пойыз билеттерінің бағасы қымбаттайды.

Тағы бір даулы жайт – келісімге қолды «ҚТЖ» АҚ қойса да, кепілдікті мемлекет беруі тиіс. «Бұл – тікелей халықтың қалтасына қол сұғу» дейді Атамқұлов.

Related

«11 мың емес, 600 жұмыс орын»: Америка аса қымбат жобасымен Қазақстанды қарызға батырмақ · Todayinfo