Todayinfo.kz
NewsView all articles

7 отар қой: Болат Назарбаев малын тек қытайдан келген қандастарға бақтырып қойған

Марқұм Болат Назарбаев тірісінде отар-отар қойларын тек қандастарға бақтырған, деп хабарлайды Todayinfo. Қыс қыстап, тау жайлап жүрген қандастар тұратын жерде жарықта болмаған. Алматы облысы Шелек аймағына Қытайдан көшіп келген Бақыт пен Райгүл есімді ерлі-зайыпты қыстақта өмір с

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
7 отар қой: Болат Назарбаев малын тек қытайдан келген қандастарға бақтырып қойған
Марқұм Болат Назарбаев тірісінде отар-отар қойларын тек қандастарға бақтырған, деп хабарлайды Todayinfo.
Қыс қыстап, тау жайлап жүрген қандастар тұратын жерде жарықта болмаған. Алматы облысы Шелек аймағына Қытайдан көшіп келген Бақыт пен Райгүл есімді ерлі-зайыпты қыстақта өмір сүрулері жайлы "Жалғыз жолаушы" бағдарламасында баяндады. Олардың айтуынша қыстақта тоқ жоқ, күн энергиясын пайдаланады.
Ал тағы бір Қытайдан келген қандасымыз Оразбек Қазақстанның барлық жерін аралап шыққанын айтты.
"Болат Назарбаевтың да малын бақтым. Сол кезде 250 мыңға болды. 7 отар қойы болды, бәрін қандастар бақты. Қазақстандағы ең ұнаған жер - Талғар аймағы болды. Еңбегімнің арқасында Талғардан он бес соток соток жер алып, үй соғып қойғанмын. 73-ке келдім. Аттың үстінде жүргенді ұнатамын", - дейді малшы.
коллаж: turkystan.kz
 

Related

7 отар қой: Болат Назарбаев малын тек қытайдан келген қандастарға бақтырып қойған · Todayinfo