Абайды қазақ ақындығы сазгерлігі, пәласапалық қарасөздері, аудармасы мен ағартушы ретінде танитыны кәміл. Алайда Абайдың дінтанушы, қазақ өнерін танушы, сол заманның заң законын жақсы білгендіктен заңгер ретінде талай қазаққа көмегі тигенін екінің бірі біле бермейді. Рас Мұхтарды танытқан Абай болса Абайды танытқан Мұхтар, бұл ретте біз заңғар жазушымыздың романы арқылы қанша қырын аша түстік көре білдік.Үшінші болып сөз кезегін алған мәдениетанушы, француз тілінің маманы СДУ аға оқытушысы Гүлмира Асылбекқызының кішігірім жасап келген слайды мен дәрісі көпшіліктің қызығушылығын артырып жіберді. Гүлмира Асылбекқызы : «Абайдың 175 жылдығына орай (2020 жылы) Қазақстан үкіметі мен халықаралық ұйымдардың қолдауымен оның шығармалары көптеген тілге ресми түрде аударылып, әлем елдерінде таратылды. Бүгінде алпыстан астам тілге аударылған. Бұл оның шығармашылығының жаһандық деңгейде мойындалғанын дәлелдейді. Абай шығармалары Кеңес кезінен бері орыс тілінен бастап бірнеше шет тілдерге аударылды. Қара сөздері, яғни ғақлиялары алғаш Сәтімжан Санбаевтан Анатолий Кимге дейін бірнеше мәрте орыс тіліне аударылып, сол арқылы бірнеше шетел тілдеріне тәржімаланды. Алайда, бұлардың қай-қайсысы да түпнұсқадағы ойды, мағынаны барабар, яғни адекват бере алғанымен, Абайдың лұғатын, Абайдың ой орамдарын, Абайдың сөз оралымдарын дәл жеткізе алмады. Абай қара сөздері – қазақ эссеистикасының отының алды, суының тұнығы. Олар бүгінгі тарихи, әдеби және философиялық эссеистикамыздың бастауы. Екіншіден, Абай ғақлиясын Батыс жазба мәдениетіне Абайдағы айқын рух сыны, яғни критицизм жақындатады. Абайға дейін қазақтың өмір сүру салтына, тұрмыстық қалпына және соларға байланысты қалыптасқан ой-санасына сын көзімен қарау, осы орайда қазақтың бойындағы көп мінді, кемшілікті балтамен шауып тастағандай етіп мінеу бұрын болмаған еді. Осы абайлық рух сыны қазір де өзекті, көкейкесті деп айтсақ артық болмайды. Өзім француз тілінің маманы болғандықтан Абайдың француз тіліндегі аудармасын оқып көрдім. Негізгі ойы қалғанымен түп нұсқасына бәрібір жетпейді екен. Көптеген француз тілді таныстарыма Қазақстанды тани түсу үшін кейде осы тілде сапалы аударылған нәрселерді салып отыратыным бар. Сонда олар таң қалады, Абай кәдімгідей әлемдік дәрежедегі ғұламалармен қатар тұратын тұлға ғой деп, бұл менің кәдімгідей кеудемді мақтаныш кернетіп жіберетіні бар»-, дейді күлімсіреп.... Журналистер Марат Сәбдікен мен Назым Дүтбайда өз ойларын ортаға салса бүгінгі шараға белсене қатысып отырған жастар да Абай туралы сұрақтарын қойып, тұщымды жауапқа разы болысты. Жиын соңында жиналған көпшілік әсересе жастар жағы Абайдың жаңа қырын танығандарын айтып, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға осындай іс шара өткізгенге алғыстарын білдірді. ЖСДП Алматы қаласы бойынша өкілі Аида Кожмамбетова болса өз тарапынан келгендерге алғыс айтып, бұндай іс шаралар алдағы уақытта әлі де жалғасын табатынын айтты. PS. Иә, Абай Құнанбайұлы — қазақ халқының рухани мәдениетінде айрықша орын алатын ұлы тұлға. Оның шығармашылығы – терең ой мен биік адамгершілікке толы мұра. Абай тек ақын ғана емес, ол — философ, ағартушы, ойшыл және халық жанын терең түсінген кемеңгер. Бүгінгі таңда оның идеялары мен өсиеттері заманмен үндесіп, жаңаша мәнге ие болуда. Абайды тану — өз болмысымызды, ұлттық рухымызды тану деген сөз. Сондықтан да оны зерттеу, ұғыну және ұрпаққа жеткізу – әрбір саналы азаматтың парызы. А. Әбілхайқызы
«Абай руханияттың темірқазығы»
Алматы қаласында 15 мамыр күні қазақтың ұлы бас ақыны Абайдың 180- жылдығына арналған ЖСДП ұйымдастырумен «Абай руханияттың темірқазығы» атты ғылыми конференция өтті. Алматы қаласындағы алғашқы қарашаңырақ саналатын, алтыншы кітапханда өткен жи

Алматы қаласында 15 мамыр күні қазақтың ұлы бас ақыны Абайдың 180- жылдығына арналған ЖСДП ұйымдастырумен «Абай руханияттың темірқазығы» атты ғылыми конференция өтті. Алматы қаласындағы алғашқы қарашаңырақ саналатын, алтыншы кітапханда өткен жиында басы аяғы жиырма беске жуық адам оның ішінде түркітанушы, абайтанушы, БАҚ өкілдері сонымен қатар жас студенттер қатысты. «Абай – дана, Абай – дара» дейміз. «Ұлы Абай» деген тіркес те санада сақталып, жадымызда жатталып қалған.
Сөзді айтамыз, бірақ, мәні мен мазмұнына, астары мен қатпарына назар аудара бермейтініміз бар, кейде. Ендеше, Абайды ұлт болып ұлықтауымыздың сыры неде? Бүгінгі ғылыми конференцияда Абай атамыздың тағы бір жаңа қыры, тағы бір философияға тұнып тұрған көзқарасын таныдық десек артық айтқандық емес. Іс шарада модератор болып отырған белгілі қоғам қайраткері Ғабиден Жәкейдің пайымдауынша
Абай әлі танылу үстіндегі тұлға, ол әлі де зерттелуді қажет етеді.
«Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде айтылған ой-тұжырымдар, философиялық пайымдаулар — қазіргі заман үшін де өзектілігін жоймаған. Оның адамгершілік, білім, еңбек, әділет, дін және ұлт болмысы жайлы көзқарастары бүгінгі қоғам үшін маңызды рухани бағдар бола алады. Абайдың “толық адам” концепциясы — заманауи тәрбиенің негізіне айналарлық терең ілім» -, дейді Ғабиден Жәкей.
Ал белгілі түрколог ғалым Махмұт Құлмантегі былай дейді:
Related

News
Жеті елдің жастары Балқашта өткен Халықаралық еріктілер форумында бас қосты
Жаннұр Еділбаева·

News
Когда потерпевший — депутат, все ли равны перед законом? Жительница Алматы заявила о несправедливом расследовании дела против её мужа.
Жаннұр Еділбаева·

News
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Жаннұр Еділбаева·

News
О фактах и интерпретациях вокруг социальных выплат работающим матерям
Жаннұр Еділбаева·