Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Әлімжеттік»: Түркістан облысында мектеп оқушысы өлтірілген іс бойынша күдікті топ ұсталды

Фото: Түркістан облысы ПД Түркістан облысында тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасын төс тұсынан ұрғаннан кейін қайтыс болды. Оқиғаға қатысы бар барлық мектеп оқушылары полиция тарапынан дереу ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Түркістан облысының полиция департа

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Әлімжеттік»: Түркістан облысында мектеп оқушысы өлтірілген іс бойынша күдікті топ ұсталды
Фото: Түркістан облысы ПД Түркістан облысында тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасын төс тұсынан ұрғаннан кейін қайтыс болды. Оқиғаға қатысы бар барлық мектеп оқушылары полиция тарапынан дереу ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Түркістан облысының полиция департаментінің мәліметінше, мектеп оқушысының өлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Оқиға орнына келген тергеу-жедел тобы қажетті іс-шаралардың толық кешенін орындады. Алдын ала деректерге сәйкес, тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасын төс тұсынан ұрған. Алған соққы салдарынан зардап шегуші сол жерде көз жұмды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция күдіктіні және оқиғаға қатысы бар барлық адамдарды дереу ұстады", – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеудің барысы полиция департаментінің басшылығының қатаң бақылауында.
"Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Акимат жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына тиісті ұсыныс енгізілді. Сонымен қатар, ювеналды полиция қызметкерлері осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру және профилактикалық жұмыстарын жалғастырып жатыр", – деп толықтырды полиция департаменті.

Related

«Әлімжеттік»: Түркістан облысында мектеп оқушысы өлтірілген іс бойынша күдікті топ ұсталды · Todayinfo