Ағайынды Оралбайлар Азия чемпионатында топ жарды
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Айбек және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын жүлде салды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. 85 келіде Нұрбек Оралбай өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен Азия чемпионатының алтынына таласты. Жекпе-же
By Айғаным Нариманова··1 min read

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Айбек және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын жүлде салды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
85 келіде Нұрбек Оралбай өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен Азия чемпионатының алтынына таласты. Жекпе-жек нәтижесі бойынша ол 5:0 есебімен өзбек боксшысын айқын басымдықпен жеңді. Осылайша Нұрбек Оралбай алғаш рет Азия чемпионы атанды. Айта кетейік, Нұрбек Оралбай 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері.
Ал оның сыңары Айбек Оралбай аса ауыр салмақта шешуші бәсекеде қытайдағы қазақ боксшысы Данабек Байкенжемен қолғап түйістірді.
Нәтижесінде төрешілердің шешімімен ұлттық құрама капитаны ел қоржынына алтыншы алтын жүлдені салды.
Айбек Оралбай Азия чемпионатында үшінші рет топ жарып отыр. Ол бұған дейін 2022 және 2024 жылдары да чемпион атанған.
Сондай-ақ Айбек — Қазақстан тарихында аса ауыр салмақтағы тұңғыш әлем чемпионы.
Related

Sport
Former Tottenham director becomes new KFF general secretary
Мұхтар Жексенбай·

Sport
New head of sports department appointed in Karaganda region
Мұхтар Жексенбай·

Sport
Beach Handball: Kazakhstan loses to Iran
Мұхтар Жексенбай·

Sport
Kazakhstan boxers successfully complete World Cup stage
Мұхтар Жексенбай·