Руслан коуч Дана Нұржігітке берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұмдық ақпар айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялады.
"Менің шешем зорланған. Әкем алып қашты. Оның анамның өміріне қалай әсер еткенін көрдім. Мен бұл туралы 40 жасқа келгенде білдім, білген күннің өзінде аса түсіне қоймадым. 70 жасқа келгенде жатыр обырына шалдығып анам қайтыс болып кетті. Сыртқа шыға алмайтын, үнемі үрейде жүрді. Бұл жағдай өміріне қатты әсер етті", - деді ол.
Сондай-ақ коуч әйел мен еркек арасындағы қарым-қатынас туралы ашық жазды.
"Әйелдің еркекпен алғашқы жыныстық тәжірибесі оның жан дүниесінде терең із қалдыруы мүмкін.
Егер бұл тәжірибе зорлықпен, қысыммен немесе қорқынышпен өтсе, сол сәтте пайда болған сезімдер кейінгі өмірде де әсерін жалғастыруы ықтимал.
Кейбір әйелдер үшін бұл: – ер адамға сенімсіздік; – өзін қауіпсіз сезіне алмау; – жақындықтан қорқу; – өзін кінәлау; – қарым-қатынаста қайта-қайта бірдей жағдайды қайталау түрінде көрінуі мүмкін.Бірақ бұл өмір бойына өзгермейтін тағдыр емес.
Жараның бар екенін мойындау – әлсіздік емес, сауығудың бастауы.
Өткен оқиғаны өзгерте алмаймыз. Бірақ оның бүгінгі өмірімізге әсерін өзгерте аламыз.Менің тәжірибемде ең үлкен өзгеріс адам өткенін кінәлауды тоқтатып, өз өміріне жауапкершілік алған сәттен басталады", - деп жазды коуч.




