Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады

Фото: видео скриншот Қарағандыда қоғам назарын аударған Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот тыңдалымы жалғасуда. Бүгін Қазыбек би ауданының прокуроры Фарида Сәдуова айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хаба

By Айғаным Нариманова··1 min read
Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады
Фото: видео скриншот Қарағандыда қоғам назарын аударған Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот тыңдалымы жалғасуда. Бүгін Қазыбек би ауданының прокуроры Фарида Сәдуова айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Прокурордың айтуынша, Мұхамадиева жасаған ісі ауыр санаттағы және қасақана жасалған қылмыс болып табылады. "ҚР Қылмыстық кодексінің 11-бабына сәйкес, аталған іс ауыр санаттағы және қасақана жасалған қылмыстар қатарына жатады. Ол адамзат пен қоғам қауіпсіздігіне қарсы бағытталған құқықбұзушылық. ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша ең жоғарғы жаза — 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
“Жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, 2002 жылдың 21 тамызында туған Мұхамадиева Алика кінәлі деп танылсын және оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін", – деді ол.
Сонымен қатар прокурор айыпталушының 2023 жылы туған баласы бар екенін ескеріп, жазаны өтеуді кейінге қалдыруды ұсынды:
"Бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді 4 жыл мерзімге кейінге қалдыру, бірақ оның кәмелетке толмаған баласы 14 жасқа толғанға дейін ғана мүмкіндік беру ұсынылады".
Сот үкімі алдағы уақытта жарияланады.азақтар туралы даулы пікір айтқан

Related

Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады · Todayinfo