Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ақорда Тоқаевтың туған күніне қатысты пікір білдірді

Ақорда баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы туған күніне байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Todayinfo.kz. 17 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толады. Ақордада Президент Тоқаев туған күнін тойламайтынын және бұл күнге байланысты ешқандай іс

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Ақорда Тоқаевтың туған күніне қатысты пікір білдірді

Ақорда баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы туған күніне байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

17 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толады.

Ақордада Президент Тоқаев туған күнін тойламайтынын және бұл күнге байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбайтынын тағы да еске салды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты ешқандай салтанатты шаралар жоспарланбайды. Президент бұл күнді атап өтпейді», – деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты.

Еске салайық, 2024 жылы да Президенттің баспасөз қызметі Тоқаев үшін 17 мамыр – жай ғана күн екенін айтқан болатын. Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымы.

«Оның отбасында туған күнді – мейлі ол балалардікі болсын, мейлі ата-ананікі болсын – атап өту дәстүрі болмаған», – деп түсіндірген еді бұрындары баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі жылдары да осы ұстанымынан айныған жоқ.

Related

Ақорда Тоқаевтың туған күніне қатысты пікір білдірді · Todayinfo