Ақтаудың 9А ықшамауданында қайғылы оқиға болды, суға тұншығып қалған екі жасөспірімнің біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық ТЖД дерегінше, оқиға 9 маусым күні сағат 17:40 шамасында қаладағы «I Love Aktau» шағын сәулет нысанының жанында болған. 2011 жылы туған екі мектеп оқушысы суға бата бастаған. Оларды куәгерлер алып шыққан.
Құтқарушылардың мәліметінше, балалар рұқсат етілмеген жерде шомылған.
12 құтқарушы маман, 5 арнайы техника, 1 жүзу құралы, 2 жедел жәрдем бригадасы, 12 полиция қызметкері, 6 патрульдік көлік жіберілген.«Бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады ТЖД өкілдері.




