Астанада мейрамханадан өрт шығып, 8 пәтер жанып кетті
Фото: Астана әкімдігі Бүгін, 18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Todayinfo.kz Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел ш

Фото: Астана әкімдігі
Бүгін, 18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды.
ТЖД мен Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада сөндірілді.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт салдарынан 8 пәтер тұрғындары зардап шекті. Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ барлық бағытта көмек көрсетілетін болады.
Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты және әкімдіктің қолдауы есебінен басталады.
Осындай барлық жағдайда жергілікті атқарушы органдар өрттің салдарын жедел жою үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.
Related

News
Нарынқолдан шыққан 500 ғалыммен байланыс орнатамыз – Дастан Құдабаев
Жаннұр Еділбаева·

News
Семейде үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаннұр Еділбаева·

News
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу тәмамдалды
Жаннұр Еділбаева·

News
Перуашев объявил об уходе с поста лидера партии «Ак жол»
Жаннұр Еділбаева·