Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанадағы саябақтан Назарбаевтың фотосуреттері алынып тасталды

Астанадағы әкімдік маңындағы саябақтан Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері алынып тасталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Бұрын бұл жерде Назарбаевтың әр жылдары түсірілген архивтік суреттері, сондай-ақ өзге де саясаткерлердің қатысуымен түсірілген фот

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Астанадағы саябақтан Назарбаевтың фотосуреттері алынып тасталды

Астанадағы әкімдік маңындағы саябақтан Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері алынып тасталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Бұрын бұл жерде Назарбаевтың әр жылдары түсірілген архивтік суреттері, сондай-ақ өзге де саясаткерлердің қатысуымен түсірілген фотолар орналасқан болатын. Tengrinews.kz оқырманы жақында фотосуреттердің орнында жоқ екенін байқаған. Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Керей мен Жәнібек хандар саябағында жоспарлы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары басталды.
«Жаңарту аясында бұрынғы фотостендтер демонтаждалып, олардың орнына көпжылдық өсімдіктермен гүлзарлар жасалады. Бұл өзгерістер экологиялық жағдайды жақсартып, саябақтың көркін арттырады. Сондай-ақ, қосымша жарықтандыру тіректері орнатылып, көшеге арналған жиһаздар жаңартылады және ландшафтық дизайнды үйлестіру жұмыстары жүргізіледі», - деп жауап берді әкімдік өкілдері Tengrinews.kz редакциясының сауалына.
Еске сала кетсек, өткен жылы Астанадағы музейден Назарбаевтың балауыз мүсіні алынып тасталған еді. Бұл мүсін музейге 2018 жылы қойылған болатын. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі өкілдерінің айтуынша, экспозиция С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына орай қайта жаңартылған. Сонымен қатар, бұған дейін елордадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай орнатылған ескерткіш демонтаждалған болатын. Қорғаныс министрлігі бұл шешімді түсіндірген еді.

Related

Астанадағы саябақтан Назарбаевтың фотосуреттері алынып тасталды · Todayinfo