Батыс Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі артты
ӨКҚ-да болған брифингте БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңірге тартылған инвестициялардың арқасында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғаны атап өтті. Елге инвестиция тарту – тек қаржы көзі ғана емес, сондай-ақ, шетелдік тәжірибенің, мүмкіндіктердің келуіне мүмкіндік ашу. Бұл өз кезег

ӨКҚ-да болған брифингте БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңірге тартылған инвестициялардың арқасында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғаны атап өтті.
Елге инвестиция тарту – тек қаржы көзі ғана емес, сондай-ақ, шетелдік тәжірибенің, мүмкіндіктердің келуіне мүмкіндік ашу. Бұл өз кезегінде дамудың жаңа бағытына, ауқымды өзгерістерге, экономиканың әр саласына тың серпін береді. Осы бағытта Батыс Қазақстан облысында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Биылғы жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 437 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде жеке инвестициялардың үлесі 342 млрд.теңге. Тартылған инвестициялардың арқасында өңірде 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
Өнеркәсіп саласында биыл 2,6 трлн.теңгенің өнімі өндірілді. Алдағы 5 жыл ішінде 2,4 трлн. теңгеге 42 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Related

News
Жеті елдің жастары Балқашта өткен Халықаралық еріктілер форумында бас қосты
Жаннұр Еділбаева·

News
Когда потерпевший — депутат, все ли равны перед законом? Жительница Алматы заявила о несправедливом расследовании дела против её мужа
Жаннұр Еділбаева·

News
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Жаннұр Еділбаева·

News
О фактах и интерпретациях вокруг социальных выплат работающим матерям
Жаннұр Еділбаева·