«Бензинге уланған»: Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз кенеттен көз жұмды
Фото: sadaq.kz Маңғыстау өңірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз жанармай буынан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Hronika.kz мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 6 қазанында "Үстірт" шекара бекетінде орын алған. Ресми деректерге сәйкес, кешкі сағат 21

Фото: sadaq.kz
Маңғыстау өңірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз жанармай буынан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Hronika.kz мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 6 қазанында "Үстірт" шекара бекетінде орын алған. Ресми деректерге сәйкес, кешкі сағат 21:10 шамасында бөлімше бастығы, капитан Асу К. сарбаз Еркебұлан Сағындықты жанар-жағармай сақтайтын орынға жіберген. Ол жерден сарбаз дизель генераторының радиаторын жуу үшін бензин әкелуі тиіс болған. Алайда, бұл тапсырманы орындау барысында бензиннің буынан уланып, есінен танып қалған.
Сағат 21:20-да оны электрик-дизелист тауып алған. Капитан Асу К. алғашқы көмек көрсеткенімен, сарбаздың жағдайы тым ауыр болған. Кейінірек медициналық мамандар оның өмірін сақтап қала алмады – реанимациялық шараларға қарамастан, жауынгердің көз жұмғаны анықталды.
Аталған қайғылы жағдайға байланысты Ақтау гарнизонының әскери полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы бойынша ("Қызметтік міндеттерге салғырт қарау") қылмыстық іс қозғады.
Марқұм Еркебұлан Сағындық 2005 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2025 жылдың көктемінде әскерге шақырылған болатын.
Related

News
Амнистия может затронуть почти 3 тысячи женщин, включая более 200 матерей несовершеннолетних детей и беременных
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақмыс Ұлытауға инвестиция салуда: Руслан Өскенәлі әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді
Жаннұр Еділбаева·

News
Казахмыс инвестирует в Ұлытау: Руслан Өскенәлі проверил ход строительства социальных объектов
Жаннұр Еділбаева·

News
В Правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций
Жаннұр Еділбаева·