Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалына шықты
Майами қаласында өткен WTA 1000 сериялы турнирдің жартылай финалына өткен Елена Рыбакина тағы да Арина Соболенкомен кездесуі ықтимал, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ширек финалда Елена Рыбакина америкалық теннисші Джессика Пегуланы (WTA рейтингінде 5-орын) жеңді.
By Айғаным Нариманова··1 min read

Майами қаласында өткен WTA 1000 сериялы турнирдің жартылай финалына өткен Елена Рыбакина тағы да Арина Соболенкомен кездесуі ықтимал, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ширек финалда Елена Рыбакина америкалық теннисші Джессика Пегуланы (WTA рейтингінде 5-орын) жеңді. Матч 2:6, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.
Бірнеше сағаттан кейін ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко мен америкалық теннисші Хейли Баптист (WTA рейтингінде 45-орын) кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы жартылай финалда Елена Рыбакинамен ойнайды.
Miami Open турнирінде 2026 жылы жеке біріншілік бойынша жеңімпаз 1 151 380 долларға және 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Related

Sport
Former Tottenham director becomes new KFF general secretary
Мұхтар Жексенбай·

Sport
New head of sports department appointed in Karaganda region
Мұхтар Жексенбай·

Sport
Beach Handball: Kazakhstan loses to Iran
Мұхтар Жексенбай·

Sport
Kazakhstan boxers successfully complete World Cup stage
Мұхтар Жексенбай·