Todayinfo.kz
NewsView all articles

Еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: pixabay Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарар агенттігі. Жетісу облысында  оңтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысында  оңтүстік-шығыстан жел

By Айғаным Нариманова··2 min read
Еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: pixabay Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарар агенттігі. Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 20 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 20 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 20 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 20 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі. 20-22 қазанда облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 20-22 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 20-22 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 20 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Related

Еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды · Todayinfo