Todayinfo.kz
NewsView all articles

Еріген қар суына төтеп бере алмаған: СҚО жол жабылды

Фото: видео скриншот Бүгін таңғы 08:00 жағдай бойынша еріген қар суларының салдарынан СҚО жол жабылды. Одан бөлек тағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Ақтөбе облысы: - «Қандыағаш - Ембі-

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Еріген қар суына төтеп бере алмаған: СҚО жол жабылды
Фото: видео скриншот
Бүгін таңғы 08:00 жағдай бойынша еріген қар суларының салдарынан СҚО жол жабылды. Одан бөлек тағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Ақтөбе облысы: - «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы). Қостанай облысы: - Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы). Солтүстік Қазақстан облысы: -  «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін). Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 45 арнайы техника мен 57 маман жұмылдырылды.

Related

Еріген қар суына төтеп бере алмаған: СҚО жол жабылды · Todayinfo