“Бәріне белгілі, IBF ұйымының ережелері қатал және олар өз хатында соған сілтеме жасаған. Хабарламаға сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін уақытша шеттетілген. Сондай-ақ олардың ережесіне сәйкес, кез келген чемпион, кез келген салмақ категориясында, белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс, яғни, Жәнібек оны 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін қорғауы керек еді. Жағдайға байланысты 2026 жылы 5 наурызда IBF директорлар кеңесі белбеудің бос екенін жариялады”, – деді Рахымжан Ерденбеков.Федерация президенті бұл жағдай Жәнібек Әлімханұлының командасы үшін үлкен сабақ болғанын атап өтті. Бірақ олар осы іске қатысты апелляцияға беруге құқығы бар. Сонымен қатар Рахымжан Ерденбеков боксшының биыл үлкен рингке оралып, жақын арада төрт әлемдік белбеудің барлығын жеңіп ала алатынына үмітті.
IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулынан айырды
Халықаралық бокс федерациясы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбековтың айтуынша, 10 наурыз күні ке
By Айғаным Нариманова··1 min read

Халықаралық бокс федерациясы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбековтың айтуынша, 10 наурыз күні кешке федерацияға Жәнібек Әлімханұлына қатысты IBF-тің ресми шешімі келген.
Related

Sport
Former Tottenham director becomes new KFF general secretary
Мұхтар Жексенбай·

Sport
New head of sports department appointed in Karaganda region
Мұхтар Жексенбай·

Sport
Beach Handball: Kazakhstan loses to Iran
Мұхтар Жексенбай·

Sport
Kazakhstan boxers successfully complete World Cup stage
Мұхтар Жексенбай·