iPhone 16: Apple 10 қыркүйекте смартфонның жаңа моделін ұсынбақ
Apple iPhone, Apple Watch және AirPods-тың жаңа сериясын қыркүйектің 10 күні таныстырады деген болжам бар. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлайды. Су жаңа iPhone-ның тұсаукесері нақты қашан болатыны әзірге белгісіз. Бірақ дереккөздерге сенсек, компания салтанат

Apple iPhone, Apple Watch және AirPods-тың жаңа сериясын қыркүйектің 10 күні таныстырады деген болжам бар. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлайды.
Су жаңа iPhone-ның тұсаукесері нақты қашан болатыны әзірге белгісіз. Бірақ дереккөздерге сенсек, компания салтанатты іс-шараны сейсенбі күнге жоспарлап отыр.
Apple жаңа өнімдерін таныстырған соң құрылғылар топтамасы 20 қыркүйекте сатылымға шығады.
Компания көпшілікке iPhone 16 және iPhone 16 Pro моделін таныстырмақ. Сондай-ақ бұл жаңа iPhone телефондарының дизайны iPhone 15-ке ұқсауы мүмкін. Бірақ фотосуреттер мен бейнелерді түсіруге арналған жағында жаңа сыйымдылық түймесі сияқты жаңартулар болады деген болжам бар.
Бұған дейін Apple жаңа iOS-тың 18 нұсқасын таныстырған еді.
Related

News
Игі дәстүр: Президент медицина қызметкерлерін Ақордада құттықтады
Айғаным Нариманова·

News
«Күйеуі бар, жағдайы жақсы»: Министр сәбиімен курьер болып жүрген әйелге пікір білдірді
Айғаным Нариманова·

News
Әлеуметтік саясат пен экономикалық өсім: Қазақстанның жаңа даму бағыты
Жаннұр Еділбаева·

News
Вашингтон и Тегеран договорились о 60-дневном перемирии
Жаннұр Еділбаева·