Todayinfo.kz
NewsView all articles

"Көгілдір!": Ринат Зайытов өлең жазып, мәдениет саласын сынға алды

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында өткен марапаттау салтанатынан кейін Мәжіліс депутаты, ақын Ринат Зайытов әлеуметтік желіде өзінің ашық наразылығын өлең арқылы жеткізді. Бұл — жай реніш емес, мемлекеттік марапат жүйесіне деген көптен жиналған сенімсіздікті

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
"Көгілдір!": Ринат Зайытов өлең жазып, мәдениет саласын сынға алды

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында өткен марапаттау салтанатынан кейін Мәжіліс депутаты, ақын Ринат Зайытов әлеуметтік желіде өзінің ашық наразылығын өлең арқылы жеткізді. Бұл — жай реніш емес, мемлекеттік марапат жүйесіне деген көптен жиналған сенімсіздіктің көрінісі.

Соңғы күндері еліміздің мәдениет саласына қатысты қоғамдық пікірдің өршуіне бір емес, бірнеше фактор себеп болды. Бұған дейін күйші Рүстем Нұркенов "Халық әртісі" атағының қадірі кетті деп ашына айтса, енді Ринат Зайытов сол жүйенің бет-пердесін өлеңмен ашып отыр.

Зайытов өз жазбасын поэтикалық тілмен өрнектей отырып, нағыз еңбегі еленбей жүрген өнер майталмандары емес, «танымал» болғаны үшін марапат алып жүрген тұлғаларды сынға алады:

«Қай залымның кеңесі?
(Даттау сөзге көмілгір)
Жастарым да ‘көгілдір’...»

Бұл жолдар қоғамда қордаланған өткір мәселелерге меңзеп қана қоймай, өнер мен мәдениет саласының құндылықтық бағытынан ауытқып бара жатқанын білдіреді. Ақынның риторикасынан мәдениетке жасанды сән, танымалдылық пен формализм еніп кеткені байқалады.

Ақын мен саясаткердің қос үні

Ринат Зайытов — тек ақын емес, сонымен қатар халықтың сөзін сөйлейтін Мәжіліс депутаты. Оның бұл әрекеті жеке эмоция ғана емес, саяси мәлімдеме тұрғысынан да маңызды. Ол шен-шекпенділердің шешімі тек шынайы өнер иелерінің емес, көп жағдайда "ыңғайлы" тұлғалардың мүддесіне жұмыс істеп жатқанын меңзейді. Бұл пікірді бұған дейін күйші Рүстем Нұркенов те айтқан болатын.

О,сұмдық-ай... О, құрғыр. Көншір ме екен көңіл бір. Қай залымның кеңесі? (Даттау сөзге көмілгір) Айналама қарасам, Аспаным да көгілдір, Жастарым да ‘ көгілдір” Қолын бұлғап қарсы алған, Арманым да көгілдір, Шымшық құсап ән салған “Тарланым” да “ көгілдір “ Тіс қайрауда, шара жоқ Үндемейсің... Өмір-бұл

 
View this post on Instagram
 

A post shared by Ринат Зайыт (@rinat_zaitov_resmi)

Related

"Көгілдір!": Ринат Зайытов өлең жазып, мәдениет саласын сынға алды · Todayinfo