Алматы облысында аудан әкімінің өтірік сөйлеп, дөрекілік танытқан әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр. Кеген ауданының «Қарқара» жайлауында 40 мыңдай адам жиналған «Қымызмұрындық» өткен, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Облыс басшылары республикадан БАҚ ұкілдерін жинап, қазақы дәстүрді насихаттайтын іс-шара ұйымдастырған. Алайда оған Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары бөгет жасаған.
Аудан әкімінің орынбасары көпе көрнеу өтірік айтып, шақырлған қонақтардың жылдам тұрып, сыртқа шығуын талап еткен. Тіптен дастархан басында жасы сексенге жақындаған ардагерге ақсақалдарға амандаспай, дөрекілік танытқан.
«Осы шенеуніктердің мәдениеті қашан түзеледі? Мал бағып жүрген жоқ. Адамдарды басқарады. Білдей басшы. Ең қарапайымы амандасуды білмейді.
Кеуделері алақаптай, амандассаң бетіңе бажырайып, қолының ұшын береді. Біреуі өзімізге сөйтті. Облыста зам.әкім дейді. Миллион, миллиард ұстаған адамдарда ондай көкірек жоқ. Жандарында жүрміз, күнде-ақ сөйлесеміз, білеміз. Ол кісілер бізге де кез-келген адамға иіліп тұруды үйретті. Жігіттер, орындық, тақ, кресло мәңгі емес. Мәсімов түрмеде отырам деп ойлады ма? Бұрындары Еңбекшіқазақта қолын әрең созып, амандасатын біреу жүретін, Іле ма, бір жаққа ауысып, ұсталды. Ақшаның буы екен ғой. Бірақ ол бу да кәдімгі бу сияқты. Креслоны, адамды сыйлы қылатын көкірек емес.
Қарапайымдылық. Кеше уақытымыз болмаса да 70-тей журналисті жинап, алып бардық. Себеп: бірінші туған жер үшін, екінші, қанша қызметте жүрсе де қарапайым, амандассаң құшағы кең бауырлардың бір ауыз сөзі үшін Астанаға барып алатын марапатқа қарамай ауылға тарттық», - деп жазды журналист, медиаменеджер Ербол Азанбек.
«Қымызмұрындыққа» барған журналистерді түскі аста күтуге Еңбекшіқазақ ауданы мен Алатау қаласының киіз үйіне бөліпті. Бірақ, бәрін құртып жүрген шенеуніктер. Түскі аста журналистер қауымы асқа кірген БАҚ өкілдеріне шығып кетулерін айтқан.
«Шығайық, тұрайық деп тұр. Еңбекшіқазақта зам.әкім дейді. Амал жоқ, дауыс көтеріп, тоқтауға тура келді. Өтірікті қатырады екен, точно өседі деп ойладық. Сөйтсек, журналистерді қуып шығып, аудан әкімін кіргізбек екен. Ас ішіп болмаған журналистер шықпаған соң, әкімі кірді. Зам.қандай әкім сондай. Қазақтың салты бойынша үйге кірген адам амандаспай ма? Төрде жасы 80-нен асқан әппақ шашты ақсақал фотограф отыр. Әкім кердиіп кірді, кейкиіп үнсіз отырды. Ең болмаса қарияға амандаспай ма? Өзімізге менсінбей қарап, қол ұшын ұстатқан облыстың зам.әкімінен бастап не деген көкірек деймін. Жігіттер, адамнан адам артық емес, сәл артық болып тұрған кресло шығар. Бірақ, оны да көреміз… Облыс әкімінің бүкіл еңбегін құртып, имиджін талқандап жатқанын біле ма, ол мырзалар?
Тіпті Президенттің өзі топқа жақындаса амандасады. Амандасу қарапайым этика. Бірақ Еңбекшіқазақ басшысының оған өресі жетпеді. Шыққан соң журналистер, «мыналар біртүрлі екен», деп жатты. Біз, екітүрлі екен, деп ойладық. Сол дастарханда Еңбекшіқазақтың түк қатысы болмаса да, керемет өткіздік, деп айналасындағылар әкімге өтірік тілекті жаудырып жатты», -деп жазды Ербола Азанбек.
Қымызмұрындықтың күшті өтуі ең бірінші, қарапайым халықтың арқасы. Адамдармен амандаса, сөйлесе алмайтын, мини креслом мәңгі деп ойлайтын мини шенеуніктер Қымызмұрындықтың сәнін бұзғаннан басқа пайдасын көрмедім, деп сынады журналист.




