Todayinfo.kz
NewsView all articles

МӘМС: Заңға қандай өзгерістер енді - бұл халыққа не береді?

МӘМС туралы заң жобасы туралы депутат Асхат Аймағамбетов жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы. "Мәжіліске алғаш келгенде, негізгі мазмұны - бюджетке салмақты азайту болды. Яғни мемлекет кепілдендірілген медициналық көмекті қысқартпақ, ал қаржылық жүктемені жұмыскерлер мен б

By Мейіржан Әуелханұлы··3 min read
МӘМС: Заңға қандай өзгерістер енді - бұл халыққа не береді?
МӘМС туралы заң жобасы туралы депутат Асхат Аймағамбетов жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
"Мәжіліске алғаш келгенде, негізгі мазмұны - бюджетке салмақты азайту болды. Яғни мемлекет кепілдендірілген медициналық көмекті қысқартпақ, ал қаржылық жүктемені жұмыскерлер мен бизнес өзі жалақыларынан төлесін деген ұсыныс келді.
Біз, депутаттар, небәрі 1,5 ай ішінде нақты, пайдалы өзгерістер енгіздік. Бұл — жай формальді баптар емес, күнделікті өмірге әсер ететін шешімдер.
1. Жұмыссыз қалсаң — емханадан айырылмайсың
Бұрын 2–3 ай жарна төлемесең — бірден “сақтандырылмағансың”. Сосын емхана қабылдамайтын.
Мысалы, мұғалім 5 жыл үзбей жарна төлейді. Жазда демалыстары бірнеше ай болғаннан кейін бухгалтериясы бірнеше айға бір төлеммен жарнасын аударады да, сосын Қорға үш ай бойы ақша түспеді деп олар МӘМС-тен түсіп қалатын. Сосын тамызда емханаға барса - “сіз жүйеде жоқсыз” дейтін.
Енді бұлай болмайды. Егер адам бірнеше жыл бойы тұрақты төлем жасап жүрсе - сосын жұмыстан айырылып, 6 айға дейін жарна төлемесе де, бухгалтериясы кешіктіріп төлесе де, мәртебесі сақталады. Яғни емхана мен ауруханаға баруға құқығы бар. Бұл — мұғалімдерге де, басқа жұмыс істейтін азаматтарға да үлкен жеңілдік.
2. Күрделі көз операциялары - енді жеке клиникада да жасалады
Бұрын көз мүйізгек қабығын ауыстыру секілді операциялар тек мемлекеттік ауруханада ғана жасалатын. Заңда осындай шектеу болды. Енді оны лицензиясы бар жеке клиникада да жасатуға болады. Демек таңдау көп, кезек аз, көмек тезірек көрсетіледі.
3. МӘМС болмаса да - алғашқы көмек көрсету сақталды
Біз қорғаған ең маңызды нәрсе — алғашқы медициналық көмекті бәріне қолжетімді ету. МӘМС жарнасы болмаса да: поликлиникаға баруға, негізгі анализ тапсыруға, ЭКГ, УЗИ өтуге, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ем алуға (туберкулез, ВИЧ, онко), дәрігер кеңесін алуға құқығы бар. Бұл міне, Президенттің тапсырмасына сай, оны қамтамасыз ететін, маңызды шешім болды.
4. Ақша қайда кетті - ашық болады
Бұрын клиникалар мен қор қайда, неге ақша жұмсады - білмейтінбіз.
Енді:
– МӘМС қоры,
– ақша алатын барлық клиникалар
есеп беруге міндетті: қанша алды, неге жұмсады.
5. Артық жүктемеден қорғадық
Бастапқыда ұсыныс - МӘМСке төлем жасағанда жарнаның шегі 50 ЕТЖ болсын деген. Бұл — жұмыскерлерге де, бизнеске де ауыр болар еді. МӘМС-ке жарна деген ол салық емес қой. Сондықтан жарнаны біз:
– жұмыс беруші үшін шекті 40 АЕК-ке,
– қызметкер үшін 20 АЕК-ке дейін түсірдік.
6. Заңсыз емхана — бірден тексеріледі
Енді:
– Медбақылау комитеті рұқсатсыз жұмыс істеп жатқан клиникаға шұғыл әрекет етеді;
– Министр өзі тексеру тағайындай алады — егер қоғамда резонанс туса немесе шағым түссе. Бұрын бұл үшін көп қағаз, уақыт керек еді. Енді бұл шапшаң болуы керек.
Бәрі бірден шешілмейді. Бірақ бұл — нақты, өмірге әсер ететін қадамдар.
Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне МӘМС жүйесіндегі түйткілдерді шешуді бірнеше рет тапсырған болатын. Үмітіміз — бұл мәселелер кезең-кезеңімен реттеліп, тиімді жүйе қалыптасады" дейді Аймағамбетов.

Related

МӘМС: Заңға қандай өзгерістер енді - бұл халыққа не береді? · Todayinfo