«Намазсыз өмір сүре алмайсың»: Көпшілікке дінді ашық насихаттаған блогер елден сөз естіді
Әлеуметтік желіде 300 мыңға жуық оқырманы бар танымал блогер Аяқөз Аскарова халыққа ашық түрде діни үгіт жүргізіп, қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Ол өз жазбалары мен видеоларында намазсыз өмір сүре алмайтынын айтып, жаппай адамдарды діни құлшылыққа шақырды, деп хабарлайды Toda

Әлеуметтік желіде 300 мыңға жуық оқырманы бар танымал блогер Аяқөз Аскарова халыққа ашық түрде діни үгіт жүргізіп, қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Ол өз жазбалары мен видеоларында намазсыз өмір сүре алмайтынын айтып, жаппай адамдарды діни құлшылыққа шақырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Алайда блогердің сөздері көпшілік арасында наразылыққа себеп болды. Пікір қалдырғандар оның «Құранда жазылмаған нәрселерді қосып айтып жатыр» деп айыптап, дінді жеке пайдасына пайдаланып отыр деген ойларын ашық білдірді. Бір бөлігі «Намаз – әркімнің жеке таңдауы, оны жарияға жар салудың қажеті жоқ» десе, енді бір бөлігі «Біреуді ақылға шақыру үшін алдымен өзің дұрыс үлгі болуың керек» деп жазды.
Кей комментаторлар блогердің бұған дейінгі өмір салтын еске алып, «Кеше ғана ашық жүрген қыз енді халыққа дін үйретіп отыр» деп сынға алды. Тіпті, «Имамдар мұндайға неге жол береді?» деп сұрақ қойғандар да болды.
Ал блогердің жақтастары керісінше оның діни насихатын қолдап, «Алла жүрегіне салған» деп ақтап алуда.
Бұл жағдай қоғамдағы діни тақырыптағы пікір қайшылығын айқын көрсетті. Бір тарап блогерді «ақиқатқа шақырушы» десе, екінші тарап «адасудың бастамасы» деп қабылдап отыр.
Related

News
Правозащитники или иностранное финансирование? Депутаты предлагают расширить прозрачность грантов
Жаннұр Еділбаева·

News
Құқық қорғаушылар ма, әлде шетелдік қаржыландыру ма? Депутаттар гранттардың ашықтығын арттыруды ұсынды
Жаннұр Еділбаева·

News
Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына нақты тапсырма берді
Айғаным Нариманова·

News
Тоқаев Ішкі істер министрінің есебін тыңдады
Айғаным Нариманова·