Өскеменде мешіттерден ноутбук ұрлады деген күдікпен 37 жастағы үй-күйсіз әйел ұсталды
Өскеменде мешіттерден ноутбук ұрлады деген күдікпен 37 жастағы үй-күйсіз әйел ұсталды. Бір ноутбукты сатып, ақшасын жұмсаған.

Өскеменде 37 жастағы үй-күйсіз әйел мешіттерден ноутбуктар ұрлады деген күдікпен қолға түсті. Полиция мәліметінше, ол тегін тамақ алуға келген адам болып, мешіттердің қызметтік бөлмелеріне кіріп, техниканы алып шыққан.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
Тәртіп сақшылары күдіктіні 102 арнасына түскен қоңыраудан кейін іздестіре бастаған. Хабарламада облыс орталығындағы мешіттердің бірінен құны 400 мың теңге болатын Asus ноутбугы жоғалғаны айтылған.
Тексеру барысында осы әйелдің басқа бір мешітте де дәл осындай ұрлыққа қатысы болуы мүмкін екені анықталған. Күдікті ұрланған ноутбуктардың бірін сатып, түскен ақшаны өз қажетіне жұмсағаны айтылады.
Related

News
Нарынқолдан шыққан 500 ғалыммен байланыс орнатамыз – Дастан Құдабаев
Жаннұр Еділбаева·

News
Семейде үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаннұр Еділбаева·

News
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу тәмамдалды
Жаннұр Еділбаева·

News
Перуашев объявил об уходе с поста лидера партии «Ак жол»
Жаннұр Еділбаева·