Todayinfo.kz
NewsView all articles

Палестина халқына 83 млн. теңге жинаған жігіт ақшаны Перизатқа өз қолымен берген

23 шілде Перизат Қайраттың ісіндегі жарыссөз кезінде 40 жәбірленуші соңғы сөздерін айтып жатыр. Соның бірі – Газадағы халыққа арнап 83 млн теңге жинап, оны Перизат Қайраттың қорына аударған блогер Олжас Садық. — Біз Газа тұрғындарына 83 миллион теңге жинадық. Мен бұл қаражатты же

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Палестина халқына 83 млн. теңге жинаған жігіт ақшаны Перизатқа өз қолымен берген
23 шілде Перизат Қайраттың ісіндегі жарыссөз кезінде 40 жәбірленуші соңғы сөздерін айтып жатыр. Соның бірі – Газадағы халыққа арнап 83 млн теңге жинап, оны Перизат Қайраттың қорына аударған блогер Олжас Садық.
— Біз Газа тұрғындарына 83 миллион теңге жинадық. Мен бұл қаражатты жеке өзім Перизат Қайратқа тапсырдым, әрі оның Абу-Дабиге барған сапарына бірге еріп, ашық есепті талап еттім. Бірақ ешқандай ашықтық та, есеп те болған жоқ. Бұл іс тек ақша туралы ғана емес, заң тұрғысынан баға берілуі керек деп есептеймін. Біздің талап-арызымызды және прокурорлардың ұсыныстарын қолдауларыңызды сұраймын. Бірақ Гайни Алашбаеваны қоспаңыздар — мен оны шын аяймын, қазір денсаулығы нашар, мүмкін болса, оны үйқамақта қалдыруға болар еді, — деді Садық Олжас.

Related

Палестина халқына 83 млн. теңге жинаған жігіт ақшаны Перизатқа өз қолымен берген · Todayinfo