Иранның Минаб қаласында мектепке жасалған шабуылдан қаза тапқан Хайдар Салехидің әкесі туралы оқиға жұртшылықты тебірентті, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, перзентінен айырылған әке соңғы үш ай бойы күн сайын кеш түсе ұлының қабіріне келіп, таң атқанша сол жерде болады. Ол қабірдің қасына көрпе төсеп, түні бойы баласын еске алып отырады.
Күндіз зиратқа келген туыстары мен қала тұрғындары марқұмдарға құран бағыштап, дұға жасаса, түнде айнала тыныштыққа бөленген кезде қабір басында жалғыз қалған әкені көруге болады.
Жақынынан айырылудың ауыр қайғысын көтере алмай жүрген ол ұлы жерленген орын өзін баласына жақын сезінетін жалғыз мекенге айналғанын айтады.
«Ұлымды жалғыз қалдырып кете алмаймын. Оны осында қалдырып, өзім қалай кетемін? Мен үшін өмір бұрынғыдай емес», – деген әкенің сөздері көпшіліктің жүрегін толқытты




