Прокурор Дана Сәрсембай жарыссөз барысында екі әйел сотта көп нәрсені жасырып қалғанын айтты.
Дана Сәрсембай сонымен қатар, куәгер ретінде жауап берген Қазыкенов пен Розыбаевке қатысты да процессуалдық шара қабылдауды өтінді. Ауыр қылмыс жасағандармен бірге жүрген қос келіншек қайта тергеуге алынып, қылмыстары дәлелденсе екеуі де жаза арқалуы мүмкін. Еске салайық, сот барысында қыздардың қанды пышақты жуып, ізді жасырмақ болғандары да белгілі болған еді. Коллаж: ҰлысмедиаОлар “шок” жағдайда болмаған. Олар қасақана үнсіздік танытқан. Оны көліктен алынған видеолар дәлелдейді. Абзалдың оларға көлікте «ауыздарыңнан ештеңе шықпасын» дегені естілді. Бірақ сот барысында екеуі мұны айтпады. Аталған мән-жайлар тиісті процесуалдық шешім жасауды талап етеді. Жеке қаулы шығару керек деп санаймыз, – деді прокурор.




