Қазақстанның Энергетика министрлігі АҚШ Қаржы министрлігіне (OFAC) ресейлік «Лукойл» компаниясының еліміздегі активтеріне қатысты ресми хат жолдады. Ведомство стратегиялық нысандарды сатып алуда мемлекеттің басым құқығы бар екенін қатаң ескерткен. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Бұл қадам Батыс санкциялары қысқан тұста еліміздегі ірі мұнай жобаларының тұрақтылығын сақтау үшін маңызды болып отыр.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, қаңтар айының соңында жолданған бұл хат тек құлағдар ету сипатында болған. Яғни, Қазақстан тарапы халықаралық реттеушіге «жер қойнауын пайдалану туралы» заңнамаға сәйкес, кез келген мәміле кезінде алғашқы кезекте сатып алу құқығы бізде екенін еске салды.
Қазіргі таңда «Лукойлдың» шетелдік бөлімшелерін сатып алуға Сауд Арабиясының Midad Energy компаниясы басты үміткер саналып отыр. Алайда, Қазақстандағы жобалар бұл үлкен келісімнің аясына кірмейді.
Еліміздегі алып жобалардың тағдыры не болмақ?
Айта кету керек, ресейлік алпауыт компания Қазақстандағы Теңіз (5%), Қарашығанақ (13,5%) және «Қаламқас-теңіз — Хазар» (50%) сияқты ірі кен орындарында үлеске ие. Сонымен қатар Алматы облысында май шығаратын зауыты бар.
Минэнерго сатып алу шарттарын ашық жарияламаса да, есеп айырысу тек ақшалай емес, өзге де формада болуы мүмкін екенін меңзеді. Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» компаниясы ресейлік серіктестерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Отандық мұнай нарығына санкциялар қалай әсер етеді?
Өткен жылдың қазан айынан бастап АҚШ тарапы «Лукойл» мен «Роснефть» компанияларына қатысты шектеулерді күшейткен болатын. Бұл әлемдік нарықтағы алпауыттардың, соның ішінде Chevron, ExxonMobil және БАӘ-нің инвесторларының қызығушылығын оятты.
Дегенмен, Қазақстан үкіметі стратегиялық маңызы бар кен орындарындағы бақылауды өз қолында ұстауға ниетті. Бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан маңызды қадамдардың бірі.




