2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы айына 252 619 теңгені құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға жоғары.

Алайда осы кезеңдегі инфляция деңгейі 11,7% болғандықтан, халықтың нақты ақшалай табысы небәрі 0,1%-ға өсті.

Жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыс ең жоғары Алматы қаласында тіркелді – айына 408 182 теңге. Одан кейін Ұлытау облысы (353 036 теңге), Астана қаласы (352 811 теңге), Атырау облысы (323 716 теңге) және Маңғыстау облысы (288 891 теңге) орналасқан.

Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында байқалды – 143 409 теңге. Сондай-ақ табысы ең төмен өңірлер қатарына Шымкент қаласы (160 951 теңге), Жамбыл облысы (166 768 теңге), Жетісу облысы (173 876 теңге) және Қызылорда облысы (178 795 теңге) кірді.

2025 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда атаулы ақшалай табыс ең көп Алматы облысында өсті – 19,1%. Бұдан кейін Қарағанды облысы (16,4%), Алматы қаласы (15,1%), Шығыс Қазақстан облысы (14,7%) және Ақтөбе облысы (14%) тұр.

Инфляцияны есепке алғандағы нақты табыстың ең жоғары өсімі де Алматы облысында тіркелді – 6,3%. Сондай-ақ Қарағанды облысында – 4,5%, Алматы қаласында – 3,4%, Шығыс Қазақстан облысында – 2,8% және Ақтөбе облысында – 2,2% өсім байқалды.

Сонымен қатар бірқатар өңірде нақты ақшалай табыс төмендеді. Ең көп төмендеу Атырау облысында (-8,3%), Солтүстік Қазақстан облысында (-7,1%), Шымкент қаласында (-3,9%), Маңғыстау облысында (-2,9%) және Ұлытау облысында (-2,2%) тіркелді.