Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстанда тұрақты тұратын ресейліктердің саны белгілі болды

2025 жылы Қазақстан аумағында тұрақты негізде шамамен 87 мың Ресей Федерациясының азаматы тұрып жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мәлімдеді, деп хабарлайды todayinfo сайты КазТАГ-қа сілтеме жасап. Оның айтуынша, бұл с

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қазақстанда тұрақты тұратын ресейліктердің саны белгілі болды

2025 жылы Қазақстан аумағында тұрақты негізде шамамен 87 мың Ресей Федерациясының азаматы тұрып жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мәлімдеді, деп хабарлайды todayinfo сайты КазТАГ-қа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл санға Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар ресейліктер, сондай-ақ елде ұзақ мерзімді тұру құжаттарын рәсімдеген азаматтар кіреді. Аталықов Ресей азаматтарының қажетті құжаттарды рәсімдеуге белсенді түрде өтініш беріп жатқанын, ал Қазақстанның көші-қон органдары миграциялық ағымдарды жүйелі бақылау мен мониторинг жүргізетінін атап өтті.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда тиісті рұқсаты бар және тұрақты тұрып жатқан Ресей Федерациясының азаматтарының саны 87 мыңға жетті», — деді Аталықов.

Ол сондай-ақ елде уақытша тұруға рұқсатты көбінесе оңтүстік көрші елдерден келген азаматтар алатынын нақтылады. Ресей азаматтары болса, уақытша тұруға рұқсатты сирек рәсімдеп, тұрақты тұру мәртебесін алуды жөн санайды екен.

Сонымен қатар, көші-қон қызметі басшысының дерегінше, 2025 жылы ресейлік азаматтарға Қазақстан аумағында түрлі заңдық және қаржылық операцияларды жүргізуге қажетті 9 мыңға жуық жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілген.

Related

Қазақстанда тұрақты тұратын ресейліктердің саны белгілі болды · Todayinfo