Todayinfo.kz
SportView all articles

Қазақстандық теннисші Анталияда қатарынан екінші турнирде жеңіске жетті

Фото:ktf.kz Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Элиска Тишаковамен бірге ITF санатындағы W15 турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева мен 18 жастағы Элиска Тишакова финалдық матчта Софи Сто

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қазақстандық теннисші Анталияда қатарынан екінші турнирде жеңіске жетті
Фото:ktf.kz Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Элиска Тишаковамен бірге ITF санатындағы W15 турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева мен 18 жастағы Элиска Тишакова финалдық матчта Софи Стойерді (Германия)/Амели Ван Импені (Бельгия) 1:6, 6:1, 10:8 есебімен ұтты. Бұл – Сандуғаштың ITF аясындағы жұптық сынындағы төртінші титулы. Алдыңғы аптада қазақстандық теннисші түркиялық Илай Йорукпен бірге жұптық сында жеңіске жетті. Кенжебаева өткен жылдан бері Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, қазақстандық жас жаттықтырушы Артур Хайрутдиновтың жетекшілігімен жаттығады.

Related

Қазақстандық теннисші Анталияда қатарынан екінші турнирде жеңіске жетті · Todayinfo