— Майгүл Ибрагимқызы — қазақтың дәстүрлі ән өнерін өркендетуге үлес қосқан қайталанбас дауыс иесі, ұлт мақтанышы еді. Ол халықтық және кәсіби композиторлардың таңдаулы туындыларын асқан шеберлікпен орындап, ұлттық мәдениетіміздің бай қазынасын әлемге танытты. Өнер жолын әйгілі Нұрғиса Тілендиевтің жетекшілігіндегі «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінде бастаған Майгүл Ибрагимқызы өмір бойы қазақ өнерінің абыройын асқақтатуға адал қызмет етті. Оның орындауындағы шығармалар ел жүрегінен орын алып, қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына қосылды. Өмірін ұлттық мәдениет пен руханиятқа арнаған абзал жанның адамдық болмысы, өнерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен ізгілігі кейінгі буын жастарға өшпес өнеге болып қала бермек. Майгүл Ибрагимқызының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы ұлт жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, рухы пейіште шалқысын! — делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстанның халық әртісі Майгүл Қазтұрғанова өмірден өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі Белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Майгүл Ибрагимқызы Қазтұрғанова қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. — Майгүл Ибрагимқызы — қазақтың дәстүрлі ән өнерін өркендетуге үлес қосқан қайталанбас дауыс иесі

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Майгүл Ибрагимқызы Қазтұрғанова қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Related

News
Амнистия может затронуть почти 3 тысячи женщин, включая более 200 матерей несовершеннолетних детей и беременных
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақмыс Ұлытауға инвестиция салуда: Руслан Өскенәлі әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді
Жаннұр Еділбаева·

News
Казахмыс инвестирует в Ұлытау: Руслан Өскенәлі проверил ход строительства социальных объектов
Жаннұр Еділбаева·

News
В Правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций
Жаннұр Еділбаева·